$ 498.34  519.72  4.85

Шаханда қаза тапқандардың кім екені анықталуда

Қарағандылық тұрғындардың бірі Шахан елдімекеніндегі апаттан қаза тапқандар арасынан өзінің келінін таныды деп жазады Informburo.kz. Марқұм әйелдің фотоальбомын ол қирандылар арасынан тауып алған.

Ер азамат кеше түнде қирап қалған №5 үйде уақытша тұрып келген. Апат болатын сәтте ол үйде болмапты. Алайда, өкінішке қарай, 5-ші қабаттағы пәтерде оның келіні 6 айлық баласымен отырған. Олардың екеуі де қайтыс болды.

"Мен Владимир Алексеенконың туған ағасымын. Інім қазір вахталық жұмыста. Оның 24 жастағы әйелі Елена апат болған сәтте алты айлық баласымен апат болған сәтте үйде болған. Жаңа жылды біз бәріміз: мен, анам және Елена баласымен бірге қарсы алдық. 1 қаңтар күні мен таңертең Қарағандыға әйеліме кеттім. Ал, кешке маған бөтен біреу телефоныма хабарласып, шұғыл ақпарат барын айтты", - дейді Алексей Алексеенко.

А.Алексеенко қайтыс болғандар арасынан өзінің келіні мен оның алты айлық баласын таныды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары