$ 481.84  531.33  5.07

«Заңды түрде көзге шөп салу» - Психолог екінші әйел туралы

Шариғаттың атын жамылып екінші әйел алатындар көп.
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Психолог Алма Бақытқызы екінші әйел болғандарға және күйеуінің тағы басқа отбасы бар бәйбішелерге бір жыл тегін кеңесін береді. Осындай бастама көтерген психолог келушілерінің аз емес екендігін, қоғамда екінші әйел алып жатқандардың көбейгенін айтады.

Caravan.kz медиа-порталы тілшісі бәйбіше мен тоқалдың қандай шағымдармен келетінін сұрап көрді.

Әңгімесін "Маған қиналған бәйбіше де, екінші әйел болған қыздар да келеді" деп бастаған маман біраз жайттың бетін ашты.

"Әйелдерге ешқашан "ажырасып кет" деп айтпаймын. Мен тек осы ситуацияны көтере алуына психолог ретінде көмектесемін. Себебі, әйел бақытты болса, оның отбасы да бақытты. 

"Көбісі екінші әйелді алып болған соң, бәйбішесіне хабар береді. "Әйел алдым. Дайын бол!" деп. 

Шариғаттың атын жамылып екінші әйел алатындар көп.

Сол азаматтар шариғаттың талаптарын орындап екі әйелін тең көреді деп айта алмаймын. Бір күні бәйбішесіне барып, бір күнін тоқалына арнап жүреді дей алмаймын. "Маған бермеген сыйлықты алып беріпті" деп жылап отыратын бәйбіше қаншама?! Көңіл бөлуді былай қойғанда екеуін теңдей жақсы көре алуы да мүмкін емес дүние.

Бәйбішелердің ойында тоқал тақырыбы: "Екінші әйел алу - бұл заңды түрде көзге шөп салу". Күйеуінің сатқындығына күйзеліп психологтың алдына келеді. Ал, екінші әйел ер азаматынан кете алмайды. Бірақ, айналаның қысымына, сөзіне шыдау да қиын. "Мен оны жақсы көріп қалдым. Әйелі (бірінші әйелі) маған қоңырау шалып дөрекі сөздерін айтады. Мен сонда да қайтқым келмейді" деп жүреді. Көбіне өздері шатасып, не істеп жүргенін түсінбей, басы қатып келеді алдымызға.

Жап-жас, сұлу, білімі бар, карьерасы жолға қойылған қыздар да өзінен 20 жас үлкен ер азаматтарға тоқал болып тиіп жатады. Сөйлесе келе оның себебін анықтап жатамыз", - дейді ол.

Ер азамат не үшін екінші әйел алғысы келеді? деген сауалды қойып көрген едік, Алма Бақытқызы келесідей жауабын берді:

"Интимдік қарым-қатынастан бұрын ер кісілер эмоцияны іздейді. Қамқорлықты, өзінің еркек екенін сезінгісі келеді. Жәй ғана үйге нан табушы ретінде емес, еркек екенін сезінгісі келеді. Осы ретті біздің жұмысымыз - әйелдің құндылығын арттыру. Сөйтіп, ерімен қарым-қатынасын өзгерту", - деген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары