Оралда ер адам полиция пунктінің қасында дәрет сындырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды.
Ведомство мәліметінше, 55 жастағы ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өзінің іс-әрекетін ақылы дәретханаға ақшасы болмады деп түсіндірді. Ер адам полиция қызметкерлері абыройына нұқсан келтіргісі келмегенін түсіндірді.