$ 498.51  522.84  4.81

Қостанайлық полицей параны героин күйінде алып отырған

Қостанайда есірткі саудагерлеріне "крыша" болған полиция қызметкері сотталып жатыр деп хабарлайды Informburo.kz.

Қостанай облыстық ІІД-нің 29 жастағы жедел уәкілі, полиция лейтенанты осынау әрекетін 2011-2012 жылдар аралығында жасаған көрінеді. Оның ісі қазір сотқа жолданған. Тергеу мәліметтерінде күдіктінің қызметін асыра пайдаланғаны көрсетілген.

Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күдікті полицей енбеген. Дегенмен, бұл топтың қылмыстық әрекетін, оның мүшелерін жақсы білген.

"Ақша немесе героин күйіндегі сыйақыға күдікті полицей қылмыстық топтың әрекеттеріне көз жұма қарап, аса ауыр жемқорлық қылмысына қасақана барған. Ал, қылмыстық топ өкілдері қалада ірі көлемде есірткі саудасымен айналысып келген", - делінген тергеу материалдарында.

Полицейдің соты биыл 10 қаңтар күні басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары