$ 445.66  474.58  4.78

Шаханда көз жұмған сәбиді ата-анасы 8 жыл бойы күткен

Шахандықтар үйінділер астында қалып, көз жұмған әйел мен оның алты айлық баласын жер қойнына тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елена Алексеенко мен оның алты айлық сәбиін жерлеуге туыстары, достары, әріптестері, күйеуінің достары және Шаханның бей-жай қала алмаған тұрғындары келді. Отбасының достары мен көршілерінің айтуынша, марқұм Елена мен оның күйеуі отбасында сәбидің пайда болуын сегіз жыл күткен екен. Биыл маусым айының жетісінде отбасында қуаныш болып, дүниеге келген сәбидің атын Владимир деп қояды. 7 қаңтарда сәби жеті айға толар еді.

Көз жұмған әйел декрет демалысына байланысты үйінде болған. Қайғылы оқиға болған күні марқұмның күйеуі жұмыста еді. Елена Алексеенконы Шахандағы зиратқа қойды.

Шіркеуде екінші күн бойы үйінді астында көз жұмғандарға арнап дұғалар айтылуда. Кеше Ольга, Виталий және Евангелина Андроповтар жер қойнына тапсырылды. Сарепті ауылында Валерий Михайлов жерленді. Оның артында әйелі мен ер жеткен екі баласы қалды. Қайғылы оқиға болған күні Галышевтар отбасы 6 жастағы Артур мен 56 жастағы Василий Ивановичтен айырылды. Сол күні Артур атасы мен әжесіне қонақ болып келген екен.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары