$ 498.51  522.84  4.81

Нартай Дүтбаев екі айға қамауға алынды

ҚР ҰҚК-ның экс-басшысы Нартай Дүтбаев екі айға қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астананың Есіл аудандық №2 сотының 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы қаулысымен Дүтбаев Нартай Нұртайұлына, Хасен Нұрлан Болатұлына, Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлына қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген редакцияның ресми сауалына Астана сотының берген жауабында.

Оның ұсталғаны жайлы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. "Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабының 3-бөлімінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды", - делінген еді ҚР ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. 

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары