$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік тұрғын сақтандыру компаниясынан ақша алу үшін көлігін қасақана ұрлатқан

Шымкенттік полицейлер алаяқтықпен айнласыпақ болған жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қзыметі. Күдікті көлігін "жоғалды" деп арыз жазып, сақтандыру компаниясынан келтірілген шығынды өндіріп алмақ болған.

Көлігінің ұрланғандығы туралы арызды Шымкенттің 1988 жылғы тұрғыны былтыр қазан айында полиция бөлімшесіне өткізген екен. Ол өз арызында «Тойота Корола» көлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы жазған. Шұғыл іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары аталған көлікті Шымкент көшелерінің бірінен тапты.

Тексеру барысында белгілі боғландай, арыз жазған азаматтың мүлкін ешкім ұрламаған болып шықты. Ол алаяқтық жолмен сақтандыру компаниясынан, яғни банктен 800 мың теңге өндіріп алған. Кейін іздеуде жүрген көлігін өзге біреуге сатпақ болып, одан тағы 500 мың теңге алыпты.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтың үстінен "Алаяқтық" және "Жалған ақпарат беру" деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары