$ 498.34  519.72  4.85

Бердібек Сапарбаев "мәдениетсіз" медбикелерді сөгіп тастады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісін өткізді деп жазады Informburo.kz. Жиында әкім ауруханалардағы қызметкерлердің жұмысын қатаң сынға алды.

"Ең бірінші мәселе - дәрігердің мәдениеті мен этикасы. Бұл медбикелерге де қатысты. Мен бұл әңгімені бекер айтып отырған жоқпын. Небәрі 20 жастағы өте дөрекі қыздар келушілермен сөйлеспейді де. Оларға науқастармен ұалай сөйлесу керектігін түсіндіру керек. Жұмысы ұнамай ма – кетсін!", - деді Б.Сапарбаев басқарма басшыларына.

Оның айтуынша, облыс тұрғындары тарапынан медицина қызметкерлерінің этикасына қатысты шағымдар жиі түсетін болған. Мұндай жайттар жекеменшік емханалар мен ауруханаларда да орын алатын көрінеді.

- "Айгерім" клиникасының өкілдері бар ма? Халық шағымданып жатыр. Сіздерде тәртіп жоқ. Тіркеуде отырған қызметкерлеріңіз не мәдениет, не этика дегенді білмейді. Мейлі мемлекеттік болсын, мейлі жекеменшік болсын, мәселе онда емес. Мұндай енді қайталанбасын", - деді облыс әкімі жиын барысында.

Жергілікті жедел жәрдем қызметінің басшысы да бұл жиында қатаң сынға ұшырады. Сапарбаевтың айтуынша, жедел жәрдем көліктері шақыртуға сағаттап кешігеді екен.

"Жарайды, жарты сағат күтуге болар. Ал, шақыртуға 4 сағаттан кейін бару деген не сұмдық? Сіздерге жаңа автокөліктер берілді. Жұмыс істеу керек", - деді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары