Шымкенттің жергілікті тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша айыпты деп танылып, екі жылға шартты жазаға кесілді. Бұл туралы Оғтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу материалдарынан белгілі болғаны, сотталушы И.С. өзінің А.А. есімді танысының Facebook әлеуметік желісіндегі парақшасына кіріп, Қоңырат руының қыздары туралы жазылған жазбаны оқиды. Оның мазмұны ұнамағандықтан ол жазба астына Дулат руы туралы теріс пікірлер жазып, алауыздық тудырған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы Дулат пен Қоңырат руларының ең көп әрі тығыз шоғырланған өңірі болып есептеледі.