$ 498.34  519.72  4.85

Семейде таксопарк қызметкері өзін атып өлтірді

Семейдегі ірі такспопарктің бас менеджері өзін атып өлтірген деп жазады Tengrinews.kz. Оның мәйіті өз үйінен табылған. Қазіргі таңда өзіне қол салу дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Оқиға 23 қаңтар күні күндізгі уақытта орын алған. Марқұмның үйіне дереу жеткен жедел жәрдем қызметі оның ішіне оқ тиіп, соның салдарынан көз жұмғанын анықтады. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Оқ жарақатын алған 30 жастағы ер азамат Торайғыров көшесіндегі өз үйінен табылды. Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол салған", - дейді жергілікті полиция қызметкерлері.

Белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт компания басшысының жақын туысы болған.

"Таксомоторлы парк" ЖШС Семейдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын ең ірі автобус паркі болып есептеледі. Қаладағы 50 бағыттың 13-і бойынша компания автобустары жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары