$ 439.43  473.31  4.82

Балқашта ер азамат із-түссіз жоғалып кетті

30 жастағы Сәтпаев қаласының тумасы Ержан Нұркеев Балқашта 12 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кетті. Ер азамат Қарағандыдағы жеке фирмалардың бірінде жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жоғалар күні ол Қарағандыдан Балқашқа жүк тасымалдап, көлігін танысының үйіне тастап кетіпті. Одан әрі туыстарының үйіне қонуға кеткен. Алайда, Ержанның ешқандай туысына бармағаны белгілі болып отыр. Қазір ер азаматты полицейлер іздеуде деп жазады Tengrinews.kz.

Анасының айтуынша, Ержан жұмысқа үнемі жауапкершілікпен қараған. Соңғы жұмыс орнына 2016 жылдың қарашасында орналасыпты. Басшылары тарапынан оның іскерлігіне осы күнге дейін ешқандай сын айтылмаған. Ал, 15 қаңтарда жұмысынан хабарласып, Ержанның бірнеше күннен бері жоқтығын айтқанда Айгүл Бақтаева дереу полицияға хабарласыпты. Өйткені, ұлы себепсіз жұмыстан ешқашан қалған емес. Жанын шүберекке түйген ана Балқашқа өзі де барып, қазір ұлын өз бетімен іздеп жатыр.

"Ержанның танысы деп отырғаны - жұмыс беруші басшысының әкесі. Ержан Балқашқа барған кезде жүк көлігін соның үйінің ауласына қойып кететін. 12 қаңтар күні, сол танысының айтуынша, Ержан көлікті тастап, өзіне такси шақыртуын сұрапты. Ол 17-ші орамда тұратын туыстарымыздың үйіне барып қонбақшы болған. Мұнан кейін ұлымды көрген ешкім жоқ", - дейді көзі жасқа толған ана.

Айгүл Бақтаеваның айтуынша, Ержанның басшысы да полицияға қоластындағы қызметкерінің жоғалғандығын айтып арыз беріпті. Ол Ержанның жүк көлігіне берілген құжаттар мен аз-маз ақшаны өзімен бірге ап кеткенін айтқан. Ал, такси қызметіндегілер болса дәл ол кезде ешқандай шақыртудың түспегенін мәлімдеп отыр.

"Такси қызметіндегілер маған ол күні дәл сол мекен-жайдан ешқандай шақыртудың түспегенін айтты. Ал, жаңағы үй иесі болса Ержанды Toyota маркалы автокөлік алып кеткенін мәлімдеп отыр. Мен қазір не ойларымды да білмей қалдым. Егер кімде-кім менің қлымды көрген болса 8777 9494087 немесе 8707 9494087 номеріне хабарласуларыңызды сұраймын", - дейді Ержанның анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары