Алматының Алмалы аудандық прокуратура өкілдері өгей шешесі 11 жастағы Өркен Азаматұлын неге өлтіргенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Баланы өлтіруді ұйымдастыруға себеп - Шәрипа Ақбердиеваның енесі Есібековамен арасындағы араздық", - дейді прокуратура өкілдері.
Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.
Ал осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.
Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 125-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Баланың әжесі Бағдагүл апаның айтуынша, өгей шешесі бұл қылмысты әкесінен кек алу үшін жасаған. "Бұл әйел менің ұлыммен ұрысатын. Ұлым одан кеткісі келді. Содан ол ұлымнан осылайша кек алды. Баланы ұрлап, өлтіріп тастады. Олардың тағы бір баласы - үш жастағы қызы бар", - деді баланың әжесі.
Айта кетейік, мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесінің және тағы төрт адамның ұсталғаны хабарланған болатын. "2005 жылғы Азаматұлы Оңғарды ұрлау және өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен оның өгей шешесі - 1980 жылғы азаматша А. ұсталды", - делінген еді ІІД хабарламасында.