02.02.2017, 03:19

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты кеше кешкі сағат 19:00 шамасында орын алған деп жазады Otyrar.kz.

Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, екеуінің ішінде адам лық толы болған.

Портал тілшілерінің мәліметінше, оқиға орнынан 7 бірдей адамды жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Дегенмен, жарақат алғандар саны әлдеқайда көп дейді олар. Көліктер соқтығысқанда адамдар терезесінен ұшып кеткені де белгілі болып отыр. Оқиғаның мән-жайын қазір полиция қызметкерлері анықтауда.