$ 494.87  520.65  4.91

Министр Қ.Бозымбаев жанармайдың неліктен қымбаттағанын түсіндірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде жанармай бағасының неліктен қымбаттағанын айтып берді.

"Ең негізгі себебі - теңгенің рубльге шаққандағы құнының өзгеруі. Бұл осыдан екі апта бұрын шетелдік жанармайды сатып алғаннан кезде орын алған болатын. Тиісінше, ресейлік бензмннің бағасы да өсіп отыр. Егер білсеңіздер, былтыр теңгенің рубльге шаққандағы құны 20 пайызға төмендеді. Жанармайдың рубльгедегі бағасы айтардықтай өзгермесе де, теңгеге шаққанда біршама өсіп отыр", - деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ. Біздегі мұнай өңдеу зауыттарының бәрі қалыпты жұмыс істеп тұрған көрінеді. Олар қажетті сұйық отынды тиісті мөлшерде шығаруда.

Естеріңізге салайық, кеше елімізде жанармайдың ең сұранысы жоғары түрі АИ-92 қымбаттаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары