"Алатау" инновациялқ технологиялар паркінде болған ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Оңай" электронды билеттерін енгізу жұмыстарының оңай болмағанын айтты.
Оның айтуынша, жүейге 100 пайыз қосылу 2016 жылы аяқталған. "Жоба жұмыс істеп тұр ма? Қаншама айқай-шу болды. "Оңай" оңай болған жоқ", - деді Сағынтаев.
Электронды билеттерді енгізу жұмыстарының оңай болмағанын Алматы әкімі Бауыржан Байбек те мойындап отыр. "Иә, расымен де оңай емес екен. Бірақ, біз нәтижесін көзбен көріп отырмыз. Ашықтық бар. Қазір азаматар "Оңаймен" Шымбұлаққа кіре алады. Келесің, кезек күтіп тұрудың қажеті жоқ. Қаншама жылдар бойы қолма-қол төлем жүйесі жұмыс істеп тұрды. Мұнда ашықтық жоқ. Инвестициялау мүмкін емес еді. Қазір бәрі оңай", - деді қала әкімі.