Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook-парақшасында Түркістан облысында сыра ішіп, көлік басқарған жүргізушінің жедел жәрдәм қызметкерін ұрған видеосын жариялады, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда!
Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтіннің тағы бір дәлелі!
Бәрінің көзінше полиция қызметкерінің қолын алып, көлік басқарып кетіп қалу - ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШЕГІ!
Қызметте жүрген дәрігерлерді ұрып соғып, ішіп алып көлік басқарғаны үшін полиция қызметкерлері жәй ғана жібере салғанын Мұрат Қабденов мырза қалай түсіндіресіз?
Антикор Түркістан - ОЯНАМЫЗ!
Облыстық Прокуратура- ұйықтамай бақылауға аламыз!
Қандай шара көрілді, ресми ақпарат күтем! – деп жазды ол.