20.07.2023, 15:00

Қарғалыда анасының қарызы үшін кішкентай қыз соққыға жығылған

Фото: видеодан алынған кадр
Қазір баланы ұрған әйел іздестіріліп жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысының Қарғалы ауылындағы қыз баланың видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Айтуынша, қазір баланы ұрған әйел іздестіріліп жатыр.

Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады, - дейді Динара Зәкиева.