Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы аттас айлық аясында «Арыстан» мамандандырылған лицейінде дәріс өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
250 қатысушы жедел қызметкерлердің күнделікті іс-тәжірибесінен қамауға алу туралы шынайы оқиғаларды қызығушылықпен тыңдап, нарколог-дәрігердің кеңесіне құлақ түрді.
Өз кезегінде Психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы есірткі заттарын қолданудың ауыр салдары мен жаңадан шыққан «синтетикаға» тәуелділік туралы айтып, ескертті. Балаларды нашақорлықтан сақтануға үндеді.
Сондай-ақ оқушыларға есірткі зертханаларын жою және ойын-сауық мекемелеріндегі тұтқындау туралы бейнероликтер көрсетілді.