$ 441.66  475.14  4.86

Пәтерінде есірткі мен қаруды заңсыз сақтаған ер адам сотталды

Пәтерден «ОСА» маркалы травматикалық тапанша, пневматикалық автомат және суық қарудың белгілері бар 6 түрлі пышақ табылды.
Фото: Алматы қалалық ПД
Фото: Алматы қалалық ПД

Алматы полициясы есірткі мен қарудың ірі партиясын заңсыз айналымнан тәркілеу туралы биыл қаңтар айында мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол кезде 52 жастағы Р. есімді азаматтың пәтерінен Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері есірткі заттарынан бөлек жасырын түсірілім мен телефонды тыңдауға арналған арнайы құрал-жабдықтарды да тапқан.

Пәтерден «ОСА» маркалы травматикалық тапанша, пневматикалық автомат және суық қарудың белгілері бар 6 түрлі пышақ табылды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 2 келіге жуық ерекше иісі бар қоңыр түсті зат, сондай-ақ дәл осындай тұқым түріндегі зат салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Болжам бойынша, мәселе гашиш пен қарасора тұқымы туралы болып отыр. Есірткі қылмысы және қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын сотталғандығы да ескерілетін болады, - деп мәлімдеді сол кезде Алматы қаласының ПД.

Бостандық ауданының №2 аудандық соты Р. есімді азаматты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары