20.07.2023, 19:30

Алматыда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Фото: видеодан кадр
Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде агрессивтілік танытып, жанжал шығарған.

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түнде «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Бостандық ауданының қобалжыған тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.

Көмекке бірінші болып «Буран-143» патрульдік экипажы келді.

Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алған және төменге секіремін деп қорқытқан. Оның үстіне ол пышақпен қаруланған.

Оның қолында үлкен асхана пышағы болды. Ол оны тамағына жақын ұстады. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рахмет, – деді, қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде агрессивтілік танытып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Бостандық аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтауда.