07.06.2023, 19:45

«Қауіпсіз ел»: Роман Скляр Алматы қалалық Полиция департаментінің жұмысымен танысты

Фото: Алматы қалалық ПД
Бүгінде Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қолданылады.

Алматыға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық Полиция департаментінде болып, Мемлекет басшысының полиция бөлімшелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау туралы тапсырмасының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар Роман Скляр ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқарудың қуатты кешені болып табылатын ПД Жедел басқару орталығында болды.

Ол қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауға, қылмыстарды, тәртіпсіздіктерді, табиғи апаттарды, төтенше жағдайларды және басқа да жағдайлар бойынша қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге арналған.

Қазіргі заманғы өмір жағдайында азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларға маңызды рөл беріледі.

Бүгінде Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қолданылады.

ПД-ға жұмыс сапары барысында Роман Склярға бұқаралық іс-шараларды сүйемелдеу кезінде ресми тапсырмаларды жылдам орындауға мүмкіндік беретін байланыс кешенінің жұмысы да көрсетілді.