Алматыда 51 жастағы әйел егіз бала - ұл мен қыз дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қуанышты жағдай Алматы қалалық №2 перинаталдық орталықта болды. Орталық директорының орынбасары Қымбат Әбдірайымованың айтуынша, жасанды ұрықтандыру (ЭКҰ) әйелге кеш және өте қажет жүктілікті жүзеге асыруға көмектесті.
Әйел жоспарлы түрде №2 қалалық перинаталдық орталыққа түсті, тиісті дайындық шаралары өткізілгеннен кейін кесарь тілігі жасалды.
«Операция асқынусыз сәтті өтті. Дүниеге салмағы 2589 гр қыз және 2345 гр ұл келді. Бақытты ана өзін жақсы сезінеді, ал егіз - ұл мен қыз сау болып туды», - дейді дәрігер.
Операциядан кейін ана мен егіздер босанғаннан кейінгі акушер-дәрігерлер мен жаңа туған балалар бөлімшесінің неонатолог-дәрігерлерінің бақылауында болды.
Операциядан кейінгі төртінші күні пациенттің тұрақты жағдайын, шағымдардың жоқтығын, клиникалық-зертханалық деректердің қалыпты көрсеткіштерін ескере отырып, үйге шығарылды.
Мен өз эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Менің 50 жылдық жүкті болу әрекетім сәтсіз болды. Мен жасанды (экстракорпоральды) ұрықтандыру (ЭКҰ) процесін мұқият тексеріліп, барлық ықтимал қауіпті анықтағаннан кейін бастадым. Бұл кезеңде қиындық туындады және жүктілік тек ЭКҰ-ның үшінші ретінде жүзеге асты. Жүктілік кезінде менің жасымда созылмалы аурулардың өршу мәселесі жиі кездеседі, сонымен қатар, егіз жүктілікке байланысты асқынулар қосылады - бұл екі есе ауыр болды. Сонда да мен балалы болуды армандадым. Ана атану арманым орындалды. Медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін, олардың баға жетпес зор үлесін атап өткім келеді. Рахмет, ақ халатты абзал жандар», - деді ана бақытын сезінген әйел.
«№2 қалалық перинаталдық орталық ұжымы атынан ана мен оның балаларына зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін. Сондай-ақ барлық болашақ аналарға жүктіліктері жақсы өтсін дейміз», - деп атап өтті Қ.Әбдірайымова.