04.08.2023, 10:00

Ескі кірпішпен «Жаңа Қазақстанды» құра алмаймыз – Сұлтанхан Аққұлы (ВИДЕО)

Алаштанушы ғалымның айтуынша, Президенттің ұлт тарихы ұлттық мүддеге сай жазылуы керек деген тапсырмасы орындалып жатыр.

Тарихқа қатысты сұрақ көп. Өйткені кеңестік заманда жазылды. Бұрмаланды, сол кездегі идеологияға сәйкестендірілді. Бірақ қазір де жағдай оңалмаған. Бұл туралы тарихшы, ғалым Сұлтанхан Аққұлы Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тарихшы Президенттің ұлт тарихы ұлттық мүддеге сай жазылуы керек деген тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді. Алаштанушының айтуынша, 7 томдық кітап басылып шығады. 

Сондай-ақ ғалым тарихты Кеңестің азғындауына ұшырамаған жас тарихшы жазуы керек деген пікірде. 

 Ал бүгінде тарихты кімдер жазып жатыр? Міне, сұрақ осында…

Сұлтан Хан Жүсіп «Ақ Жол» партиясы Алаш орданың мұрагері ме, депутат болудағы мақсатыңыз не, күйеубалаңыз швед пе деген сияқты өзге де сұрақтарға жауап береді.