$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда пәтер аламыз деп алданған тұрғындар митингіге шықты

Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үй кооперативтерінің үй салуға рұқсаты болмаған.
Фото: Massaget.kz
Фото: Massaget.kz

Атырауда жайлы пәтер аламыз деп Saraishyq development тұрғын үй кооперативіне жарты миллиард теңге аударып, алданып қалған тұрғындар бүгін облыстық соттың алдына жиналды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Тұрғындар кооператив құрылтайшыларына қатысты тергеліп жатқан істің соңы сұйылып кеткеніне наразы болып отыр.

Кооперативтің келісім-шартта жазған уәдесі бойынша біз осыдан үш жыл бұрын баспаналы болуымыз керек еді. Бір ғана Saraishyq development кооперативіне жүздеген адам ақша аударды. Арамызда бірден екі пәтердің ақшасын алдын ала толықтай төлеп тастағандар да бар. Үйден үміт жоқ. Себебі оны салып бітіру енді мүмкін емес. Салымшылар өз ақшасына күзетші жалдап отыр. Соған қарамастан қараусыз жатқан құрылыс нысаны тоналып, әбден күйі кеткен. Ең болмаса, алаяқтық жолмен алынған ақша неге жеделдетіліп қайтарылмайды? Сондықтан, біз, салымшылар құзырлы органдардан кінәлілерді жазалап, шығындарын өтеп беруге көмектесуді сұраймыз, - дейді зейнеткер Сәулеш Шайхиева.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облыстық Полиция департаменті «Қазанат», «Сарайшық», «Байсанат», «Фэмели таун» тұрғын үй кооперативіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі, 85-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғады. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдікті қамауда. Осы мәселеге байланысты Полиция департаментіне 200-ге жуық арыз түскен.

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің өкілі Рүстем Мәкібаевтың айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үй кооперативтерінің үй салуға рұқсаты болмаған. Сондықтан облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Пәтер алам деп бар жиғанын алаяқтарға ұстатқан үлескерлерге қазір сот шемімін күтуден басқа амалы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары