23.06.2023, 10:05

Алматыда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық ашылды

Фото: naqtygazeti.kz
Орталыққа тек алматылықтар ғана емес, барлық өңірден келген қазақстандықтар жүгіне алады.

Алматыда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

One Stop Service орталығы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жұмыс істейді.

Бастама авторы, Ұлттық комиссия мүшесі, белгілі заңгер Айман Умарованың айтуынша, орталыққа тек алматылықтар ғана емес, барлық өңірден келген қазақстандықтар жүгіне алады.

One Stop Service концепциясы – бұл жерде бастапқы бір реттік заңгерлік және психологиялық көмекті тегін алуға болады. Әйелдер мен балалар орталыққа өзі хабарласа алады немесе келе алады. Айта кету керек, бізге тек алматылықтар немесе облыс тұрғындары ғана емес, барлық өңірлерден келген қазақстандықтар жүгіне алады», - дейді ол.

Құқық қорғаушы Қазақстанда сот-психологтері – осы салада жұмыс істейтін сарапшылардың пайда болуы маңызды екенін айтады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардан жауап алу әдістемесін әзірлеу туралы ұсыныс жасады.

Қазіргі кезде зорлық-зомбылықты бастан өткерген кішкентай қыздар мен ұлдардан жауап алу тәсілі өте қорқынышты. Балалар қосымша психологиялық жарақат алады, - деп түсіндірді заңгер.

Сондай-ақ Айман Умарова құқық қорғаушы елде зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бағдарламалары қажет екенін де айтты.