$ 449.76  483  5.05

Әйеліне пранк жасаған ШҚО тұрғыны 2 жылға сотталды

Ол келіншегіне сабақ болсын деп ерекше жоспар құрған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

ШҚО Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО тұрғыны әйеліне сабақ болсын деп ерекше жоспар құрған. Жұбайымен телефон арқылы сөйлескен кезде араларында жанжал туындаған. Әйелі оған көліктің меншік иесі екенін айтып, жолдасының көлікті көп қолданатынына ыза болған. Содан кейін күйеуі жалған көлік ұрлау жоспарын ойлап тапқан. Ер адам ағасынан көлікті гаражына апарып беруін өтінген. Кейіннен ол көліктің ұрланғанын хабарлаған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 419-бабы (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ресми түрде ескертілген.

Ер адам жағдайдың салдарын ойламай, болжамды қылмыс туралы қасақана жалған сөз хабарлаған. Сол үшін ол екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр. Азаматпен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сотталған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қатаң бұзбайтынын, әйелімен алдағы уақытта олай қалжыңдаспайтынын айтты, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан аудандық 1-пробация қызметінің аға инспекторы Шынар Баймұратова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары