$ 494.87  520.65  4.91

«Жас қыздардың көбі ішімдік пен есірткіге құмар»: Қуат Найман неге үйленбей жүргенін айтты

Маған ақылды, қарапайым, иманды, ертең болашақ балаларымды тәрбиелейтін, ата-анама қарайтын қыздар жолықпай жүр.
Фото: instagram.com/kuat__khamitov
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов «Берен» подкастында осы күнге дейін үйленбеуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Барлығы Алладан ғой. Маңдайымызға сол жазылып қойған шығар. Мен спорт деп жүріп өзімді ұмытып кетіппін. Алдыңғы жылдары араласып жүрген жақсы қыздар болатын. Бірақ мен оларға үйленуге дайын емес екенімді айтатынмын. Сен Анджелина Джоли болсаң да  үйленбеймін дейтінмін. Себебі менің алға қойған мақсаттарым бар, әлі үйленуге дайын емеспін дейтінмін. Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ қыз жолықпай жүр, - дейді Қуат Хамитов.

Оның айтуынша, қазіргі жас қыздардың көпшілігі алкогольді ішімдікке және есірткіге құмар.

Меф деген бәле пайда болды. Барлығы емес енді, бірақ көпшілігі соны иіскейді, жастардың біразы бұзылып кеткен. Маған ақылды, қарапайым, иманды, ертең болашақ балаларымды тәрбиелейтін, ата-анама қарайтын қыздар жолықпай жүр. Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын. Мықты спортшы бірақ басында ми болмаса, ол қоғамға қауіпті болмақ. Біреуді ұрып өлтіріп қоюы мүмкін. Мен ондайды қаламаймын, - деді Хамитов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары