$ 494.87  520.65  4.91

«Қоқиқаздар Кіші Талдыкөлге оралды»: «Жаңа Адамдар» Астана әкімдігіне ескерту жасады

Орындалмаған уәделерді еске алуға қала билігі құлшыныс танытпайтыны белгілі.
Фото: Жаңа Адамдар
Фото: Жаңа Адамдар

2019 жылдан бері Астананың табиғи көрікті жерлерінің бірі жойыла бастады. Кіші Талдыкөл — түрлі аңдар, оған қоса Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар мекендейтін жер көп қабатты үйлердің құрылысына берілді. Тұрғын үй кешендерінің құрылысы үшін экожүйелердің жойылу қаупі астаналық қоғамдық белсенділер мен экологтардың наразылығын тудырды. Тіпті Экология министрлігі астана әкімдігінің жоспарларына қарсылығын білдірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы жастар ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шенеуніктер көлдің аз бөлігін сақтауға және судың айналысында «экосаябақ» құрып, қала тұрғындарын қажетті демалыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге уәде еткен. Дегенмен бүгінгі күні көлдің орнында далаң жер қалыптасты. Қала басшылығы экологтар мен министрлікке жалған уәделер беріп, көлді толығымен құрғатты. Алайда табиғатты алдау мүмкін емес, қоқиқаздар Талдыкөлдің орнында қалыптасқан далаң жерден ұшып кеткен. 

Биыл 20 тамызда олар қайта оралды. Жаңа адамдар «Қоқиқаздар үйі» науқанын өткізген болатын. Жүздеген белсенді қызғылт құстардың мүсіншелерімен Талдыкөлдің құрғатылған түбінде жүгіріп, көлдің алдындағы Сығанақ көшесінің бойында 100 мүсінше орнатты. Осы символикалық көрсетілім «Қоқиқаздар үйі» атты баннермен безендірілді. 

«Қоқиғаздар үйі» инсталляциясы ұзаққа созылмады. Полиция қызметкерлері барлық мүсін мен баннерді дереу алып тастады. Орындалмаған уәделерді еске алуға қала билігі құлшыныс танытпайтыны белгілі.

Жылдар бойы біз Үкіметке алданып келдік. Мұны тоқтататын уақыт келді. Халықтың пікірін тыңдай білу керек. Құрғатылған Кіші Талдыкөл — бұл халықтың әлсіздігінің, сыбайлас жемқорлықтың ескерткіші. 

Бұдан бұлай біз сіздердің сөздеріңізге сенбейміз. Біз енді өзімізді алдап, осылай «лақтырып кетуге» жол бермейміз. Өтірік соғып жүрген жемқорлар мен арсыз құрылысшылар, тыңдаңдар! Біз, қазақстандықтар, Астана тұрғындары, Жаңа адамдар белсенділері — үйіміздің қиратылуына жол бермейміз. Сіздерге көлді қайтаруға кеңес береміз, бәріне дұрыс шешім осы, - дейді «Жаңа Адамдар» жастар ұйымының өкілі Бауыржан Аманов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары