$ 441.58  480  4.86

«Сирияны айтып, қорқытпай-ақ қойыңыздар»: Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні мектептерде намазхана ашуды талап етті

Оның айтуынша, қоғамдық орындарда намазханалардың жоқтығы ығайсыздық тудырады екен.
Фото: instagram.com/togjan_qojaly/
Фото: instagram.com/togjan_qojaly/

Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні, қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы бүгінде мектептерде намаз оқитын адамдар көп екенін, сол себепті намазханалар ашылуы қажет екенін айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«HAQ» қайырымдылық қорының жетекшіс өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында құлшылық жасайтын адамдарға жағдай жасап, еркіндік берілуі керек екенін жеткізген.

Жұмыс және мектеп уақытында бір ғана намаз бар. Түскі ас уақытындағы құлшылық. Оны келесі намазға дейін оқуға болады. Қазір, мысалы, Алматыда бұл сағат 12.58-ден 17.46-ға дейін. Сондықтан мектептер намазханаға айналып кетпейді.

Айтпақшы, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері, әсіресе, қазақ мектептері мен ауылдарда намаз оқитын адамдар көп. Сонда оларда діни бостандық жоқ па? Намаз оқу үшін жағдай жасалмауы керек пе? 

«Сыныптардың жетіспеуіне» байланысты... Намаз оқу үшін 2 шаршы метр мен арнайы перде жеткілікті. Әлде мен мәселенің неде екенін түсінбеймін бе? Әлде еліміздегі миллиондаған діндар адам Қазақстан Республикасының азаматтары емес пе? Сонда олардың жағдай мен еркіндігі ешкімді алаңдатпай ма? 

Зайырлылық пен дінді қатар алып жүрген Түркияның даму моделі біз үшін өте қолайлы. Бірақ түріктердің деңгейіне дейін жету үшін бізге әлі де даму керек. Бізді Иран, Сирия, Ауғанстанды айтып, қорқытпай-ақ қойыңыздар. 12 ғасыр бойы өзгермеген, өзгермейміз де. Мұнымен Қазақстан тарихы мен қазақтардың менталитетін түсінбейтіндерді қорқытыңдар, – деп жазды ол.

Тоғжан Қожалы үш діннің өкілдері үшін де ғибадатханалар берілуі қажет деп есептейді. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда намазханалардың жоқтығы ығайсыздық тудырады екен.

Мен үшін Германия мен Еуропада жүріп-тұру әлдеқайда жеңіл әрі ыңғайлы. Өйткені барлық жерде үш діннің өкілдері үшін жағдай жасалған. Құлшылық жасау үшін ғибадатханаларды кез келген жерден табуға болады. Ал біз коммунистік ел сияқтымыз, ондай орындар жоқ. 
Біздің елде адамгершілік құндылықтарға сенетін және оны ұстанатын адамға қарағанда жемқор шенеуніктерге әлдеқайды жылы шырай танытады. Сізді және ұрпағыңызды тонап жүрген жемқорларға қымбат сыйлық жасап, төрден орын беруді доғарыңыздар. Неге біздікілер намазхандарға сонша жау? Мен әлі күнге дейін намаз оқитын жер таппай қиналып қаламын. Осыдан екі жыл бұрын сауда орталықтарында, дәмханаларда намазханалар болатын. Қазір олардың барлығын алып тастады. Олар кімге кедергі болды? Намазханаларды алып тастағаннан мұсылмандардың саны азаяды деп ойламаңыздар. Тек көрінген жерде намаз оқуға мәжбүрміз. Біз бәріміз осы елдің азаматымыз. Намаз оқитын жерлердің де жайлы болғанын қалаймыз. Бұл христиандарға да, иудейлерге де, мұсылмандарға да. қатысты мәселе.
Кеше қызым «Мектепте намазды қай жерде оқысам болады?» деп сұрады. Ал мекепте намаз оқитын балалар көп. Қызым бір жерде тығылып, намаз оқымас үшін мектеп директорымен сөйлесуга тура келеді. Демократиялық мемлекет дамуының бірінші постулаты – өз азаматтарыңыздың құқықтарын құрметтеу және осы құқықтар мен бостандықтардың қорғалуына жағдай жасау, – дейді қоғам белсендісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары