21.02.2017, 06:43

Республика аумағында 700-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Қазақстанның тоғыз облысында тасжолда қар құрсауында қалып қойған және боран соғуына байланысты 700-ден аса адам құтқарушылар көмегіне мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпанның 20-нан 21-іне қараған түні боран соғып Солтүстік Қазақстан облысында тасжолда 400-ден аса адам тұрып қалған. Құтқарушылар әр түрлі ауданнан 76 адамды эвакуациялаған, олардың ішінде 6 бала бар. Сонымен қатар, 126 көлік қар тазаланған жерге буксирге салып жеткізді. Олардың ішінде - 288 ересек адам, 36 бала болды.

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 220 адам, оның ішінде 37-і бала эвакуацияланды. Адамдарды арнайы техникамен жақын жердегі ауылдарға жеткізген. Ауа райының қолайсыздығына қарамай, кейбір жолдар ашық болған, бұл көптеген азаматты сан соқтырған. Жауған қар мен соққан жел 100-ден аса адамды әбігерге салды.

Сонымен қатар, ШҚО-ның кейбір аудандарында жедел медициналық қызмет қажет болды. Каменка ауылында 10 жастағы қызға дәрігерлердің көмегі қажет болды. Оның дене қызуы бірнеше күн бойы жоғары болған. Жауған қар мен соққан желдің салдарынан дәрігерлер өздігінен келе алмаған. Құтқарушылар "Нива-Марш" техникасымен 33 шақырымдық жолды кесіп өтіп, анасымен 10 жастағы қызды аудандық ауруханаға жеткізген. Алтай ауылынан Кожохов ауылына дейін емшектегі баланы жақын жердегі ауруханаға жеткізген. Сәби мен анасын жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырған. Тағы бірнеше ересек адамдар шалғай аудандардан ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облысында апатты-құтқару жұмыстары бес ауданда жүргізілді.

Қарағанды облысында бір тәулікте 16 адам эвакуацияланды, қар құрсауында тұрып қалған автобусты (25 жолаушы, оның 20-ы бала) Қарағандыға жеткізілген. Абай ауданында қар құрсауында тұрып қалған жедел жәрдем көлігі (бес адам) шығарылды.

Атырау облысында құтқарушылар "Қырық мылтық" елді мекенінен 35 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, "Ойтан" қыстауынан бір әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент" тасжолында қар құрсауында тұрып қалған 10 автокөлік (салонында 50 адам, оның ішінде 7 бала) тазаланған жерге сүйретіліп жеткізілді. Көлтоған ауылынан Момышұлы ауылындағы ауруханаға ер адам жеткізілді. 

Қызылорда облысында 32 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, Қостанай облысында - 79 адам (олардың 7-і бала), Атырау облысында - 35 адам. Павлодар облысында "Павлодар-Өскемен" тасжолында рейстік автобус техникалық ақауларға байланысты бұзылып қалған, жергілікті орындаушы орган қызметкерлері сегіз адамды жылы жерге көшірді.