$ 444.14  477.05  4.85

Бүгін – Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың туғанына 98 жыл

Ол Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген.
Фото: uniface.kz
Фото: uniface.kz

98 жыл бұрын (1925-2009) мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның өнер қайраткері, СССР Суретшілер одағы және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952-1954 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.

1961-1965 жылдары - Лениндік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі. 1959-1965 жылдары - СССР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. 1952-1966 жылдары Алматы көркемөнер училищесінде оқытушы болған. Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мәншүк Мәметова, Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатов ескерткішінің авторы. «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Мәриям Хакімжанова», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын, тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы кескіндерді әрі ұлттық колоритке жіті назар аударды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жақаев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасады. «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары