$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстан облысында 70 жастағы ер адам қыркүйекте мектеп партасына отырады

Алгебра, геометрия, физика сынды пәндерді оқиды.
Фото: ШҚО ҚАЖД
Фото: ШҚО ҚАЖД

Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемесінде 70 жастағы сотталған азамат қыркүйектен бастап партаға отырып, білім алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 240 адам қыркүйекте мектеп оқушылары секілді алгебра, геометрия, физика сынды пәндерді оқиды.

Мәселен, №18 түзету мекемесінде 49 оқушы бар. Оның ішінде ең кішісі 20 жаста, ал ең егдесі 70-те. Олардың барлығы орта білім туралы аттестат алғысы келеді.

Сотталғандардың бірі өмірінде бар болғаны 8 сыныпты аяқтағанын айтты. Қазір ол ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Бір жылын түрмеде өткізген ер адам енді 7 жылдан кейін бостандыққа шығады. Сол кезде қолында аттестат болғанын қалайды.

Колонияға түсетіндердің көбі мектепті аяқтап үлгермеген. Сол үшін оларға осындай мүмкіндік жасалып отыр. Бұл сотталғандардың білім алып, ертең бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға оңай бейімделуіне мүмкіндік береді, - дейді аталған түзету мекемесі бастығының орынбасары Қадірхан Хамзин.

Кейбір түрмелерде мектептерден бөлек колледждер де бар. Атап айтқанда, №16, 17, 18 және 22 мекемелерде арнаулы білім алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары