$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 1 келі боп туған бала бүгін мектепке барды

Ең алғаш рет бөпемді көргенде қатты қорықтым.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

"Батыр бала" атанып кеткен Мақсот биыл бірінші сыныпқа барды. Осыдан алты жыл бұрын Атырау облыстық перинаталдық орталығында 1 келі 260 грамм салмақта дүниеге келген Мақсот есімді балақай бүгін мектеп табалдырығынан аттады. Ұлының өз құрдастарымен бірге өсіп, жетіліп мектепке барғанына қуанған ата-анасы өз қуанышын Stan.kz тілшісімен бөлісті.

Мақсот – біздің екінші ұлымыз. Мен анасымын. Есімім – Гүлзира. Ең алғаш рет бөпемді көргенде қатты қорықтым. Кіп-кішкентай шақалақты қалай ұстаймын дейтінмін. Шыны керек, арманым – бөпемді қолыма алу болатын.  Қазір сол ұлым 6 жасқа жетті. Салмағы – 26 келі. Кейбір қатарластарынан да артық, спортты жақсы көреді. Тәубе деймін. Бірінші Алла, екінші Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз – дейді балақайдың анасы Гүлзира.

Балақай бүгін Атырау қаласындағы №5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барды. 

"Мақсоттың арманы – футболшы болу. Біз батыр балақайдың арманына жетуіне, сабағын "беске" оқуына тілектестік білдіреміз" дейді жоғарыда аталған орталықтың баспасөз өкілі Нұргүл Ысмағұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары