Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ Гапура Тұрлыхановаға тиесілі болған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Құлаған "Стрекоза 7-Gazelle SA341" ұшағы ЕЭВС.02.0325 деген номерде болған және 2009 жылдың 27 тамызында зауыттан шығарылған. Борт номері: UP-LA246.
Тұрлыханова Гапура Мұхатбекқызы Қайрат Тұрлыхановтың әйелі. Ол бұған дейін Семей қаласының әкімі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, осы миниистрліктегі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Естеріңізге салайық, аталған тікұшақ 25 ақпан күні Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы тиіс болған. Куәгерлер оны соңғы рет Айғыз ауылының үстінен көрген. Алайда, ол көздеген жеріне дейі бара алмай, жарты жолда апатқа ұшырады. Құтқарушылар құлаған тікұшақты тек келесі күні ғана тапты. Оның пилоты сол жерде қаза тапқан. Ал, жанында болған жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.