$ 498.34  519.72  4.85

Сейфуллин Жолбарыс шетінеп кеткен ұлына күй арнағанын айтты

Менің тұңғыш ұлым 4 айлығында шетінеп кеткен. «Хафиз» – содан шыққан мұң, қайғы.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасында үздік туындыларының бірі «Хафиз» күйінің өзіндік тарихы бар екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір қарасам, “Хафизбен” тойларда ет шығарып жатыр, енді бірде Түркияда “Хафиз” күйін қойып, сән көрсетілімі өтіп жатыр. Алғаш рет “Хафиз” күйін Асылбек Еңсепов орындады. Қазір Астананың симфониялық оркестрі орындап жүр. Қазақстандық пианист, музыкалық педагог Жәния Әубәкірованың өзі “Хафизді” халық күйі деп ойлаған. Мен айттым: “Жәния апай, менің тұңғыш ұлым 4 айлығында шетінеп кеткен. “Хафиз” – содан шыққан мұң, қайғы. Бұл – қайғылы музыка. “Хафиз” – 1998 жылы шыққан күй. Көп жерлерде қойылып жүр, бірақ ешкім менен сұраған емес. Өйткені бұл күйдің авторы мен екенімді көбі білмейді. Ал мен қазақшылыққа саламын. Орындалып, қойылып жүргеніне қуанамын. Ал авторлық құқыққа келетін болсақ, болашақта мықты авторлық қоғам құрылатын болса, қолға аламын деп ойлаймын, – дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары