$ 494.87  520.65  4.91

Тележүргізуші Дина Төлепберген «кәрі қыз» атанғандарға жазба арнады

Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді.
Фото: Instagram/dina_tolepbergen
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген кеш тұрмысқа шығып, өзі де “кәрі қыз” атанғаны жайлы баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

28 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім шырайлы Шымқаладан болған соң туыстарымның мені кәрі қыз деп атай бастағаны жасырын емес. Әлгіндей пікірді қазір мен құлағымның ұшына да қыстырмас едім. Бірақ ол кезде жағдай басқаша болатын. "Қашан тұрмысқа шығасың? Неге жігітің жоқ? Осылай жүре берсең, сені кім алады?" деген сауалдар қойылып, тап осылай туыстарың сені тергеуге алғанда, өзіңді сол бір отбасына қажетсіз адамдай сезінесің, - дейді тележүргізуші.

Ол қыздың бойында қорқыныш сезімін қалыптастыру, кінәлі сезімін ояту, өз-өзіне деген сенімді жоғалтуға бағытталған нағыз фашистік іс-әрекетке теңеді.

Сондықтан қымбатты ата-аналар, сіздерге айтар үлкен өтінішім бар. Егер қызыңызға риясыз бақыт тілесеңіз, "қашан?" деген сұрақтың қойылуына қатаң түрде тыйым салып тастаңыз. Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді”, – деді журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары