$ 494.87  520.65  4.91

«Аз сүйіс, көп сөйлес»: Танымал тележүргізуші қыздарға ақыл айтты

Сондықтан, қымбатты сіңілілерім, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз.
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында “Сіңіліме сыр” айдарында қыз-келіншектерге болашақ күйеуімен жақсы-қарым қатынас құрудың жолын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дина Төлепберген қыз бен жігіт үйленіп үй болмас бұрын түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, бір-бірімен ашық сөйлесуді қолдайтынын айтты.

Аз сүйіс, көп сөйлес. Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізу – ұят емес. Мен өзімнің махаббатым – күйеуіммен үш жыл кездестім. Біреулерге ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселе қанша уақыт бірге өткергеніңде емес, бір-біріңді қаншалықты танып-білгеніңде. Кездесуге шақырғанда, менің күйеуімнің даналығы сол, ол маған болашақ кездесуіміздің тақырыбын алдын ала ұсынатын. Мысалы, ақша, бала, ата-ене, үй, дүние-мүлік, мінез-құлық, ұрыс-керіс, тіпті шұлыққа дейін. Өйткені мен шұлығын шешіп тастап кететін жігіттерді жек көремін. Басында маған бұл біртүрлі көрінетін. Бірақ қазір соның рахатын көріп жүрмін. Сондықтан, қымбатты сіңілілерім, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз. Сұрау – ұят емес. Басында “жаным” деп, кейін жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят, – дейді Дина Төлепберген.

Ал оқырмандары болса тележүргізушінің бұл сөзін бір ауыздан қолдай кетті.

“Өте жақсы тақырып. Алдын ала біліп,ақылдасып кімнің не ұнатпайтынын ескеріп алған дұрыс”, “Ащы болса да шындық”, “Қыздар, құлақтарыңа алтын сырға, мықты кеңес. Ашық тақырыптады жасырмай айтып, сұрау керек”, “Тұрмыс құрмай тұрғанда осылай айтатын әпкем болмады”, “Осындай ақыл-кеңестеріңізді жиі айтып тұрыңызшы. Жас қыздар болашақта жыламасыншы”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары