06.10.2023, 17:20

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды

Фото: «Міржақып. Оян, Қазақ!» афишасы
Мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды. Бұл туралы фильмнің режиссері Мұрат Есжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқи отырыңыз: «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастады

Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, “Оян, қазақтың” кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды! Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық! Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар! Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар, - деп жазды режиссер.