$ 442.05  474.14  4.74

Құмар ойынға жақын қазақстандықтарға несие берілмеуі мүмкін

Қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.
Фото: teapoetry.com
Фото: teapoetry.com

Қазақстанда құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тәртібі қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойын ойнайтын адамдардың төлем қабілеттін бағалауды ұсынып отыр.

Қарыз алушының төлем қабілеттілігі былай бағаланады:

Атаулы әлеуметтік көмек алушыға немесе ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаға тән белгілері бар қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми кірісі бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға үштен аса төлем жасаған жеке тұлға анықталған, - делінген жарлық жобасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары