$ 495.2  522.34  4.94

Жастар дәріханадан есірткі сатып алып жүр: «Жаңа Адамдар» Алматыда рейд бастады (ВИДЕО)

Заң бойынша, мұндай препараттардың рецептсіз сатылуына тыйым салынған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Жаңа Адамдар» жастар ұйымы Алматы қаласының дәріханаларына рейд жүргізген болатын. Тексеріс барысында есірткі құралдарының рецептсіз сатылу жағдайлары анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

18-20 аралығындағы жастар сатып алушылар рөлін сомдаған. Белсенділер жылдам тәуелді болып кету ықтималдығы жоғары болатын дәрілерді рецептсіз сатып ала алған.

Ал тәуелді адамдар мұндай препараттарды есірткіні алмастырғыш ретінде пайдаланады. 16 рет тексерілген дәріханалар арасында 2-уінде қызметкерлер рецептсіз «ләззатқа бөлейтін» препараттарды сатқан. Осы жағдайлар видеоға түсірілді. 

Психотроптық әсер беретін дәрілер көз ауруларын, ұйқысыздықты, психикалық ауытқуларды емдеу және ауырсынуды басу үшін қолданылады. Адамдар мұндай препараттардың құрамындағы есірткілік заттарға тез үйреніп кетуі мүмкін. Заң бойынша, мұндай препараттардың рецептсіз сатылуына тыйым салынған. Тәуелді жастар осы дәрілердің жағымсыз әсері туралы біле тұра, есірткі ретінде пайдаланады. Көп жағдайда, мұндай «ләззат алу» үшін көп ақша керек емес. Кей кезде фармацевттер рецепттің барын тексеруді ұмытады. Ал кейбір дәріханалар мұны мүлдем істемейді де. Тәуелді сатып алушылар арқылы бизнесмендер өз табысын көтеріп жатыр. 

Алматыда есірткі мәселесі өте өткір күйінде тұр. «Жаңа Адамдар» есірткілік дәрілерді рецептсіз сататын дәріханаларды тексеру үшін тұрақты негізде қалада «дәріханалық рейдтерді» жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары