Белгілі заңгер Айгүл Орынбек актер Асқар Жұмабековтің даулы оқиғасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба жариялады.
Оқи отырыңыз: Танымал актер Асқар Жұмабеков 6,5 жылға сотталды
Байдың, атақты адамның баласы ғана кінәлі деген теріс түсінікті жою керек! Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе, қылмыс жасаған адамға бай немесе кедей деп статус беріп ақтап, жақтауды доғару керек! Екі күннен бері актерге көмек беріңіз деп жекеме шықпаған адам қалмады. Айқайлап көмек сұрап шыққан адамның бәрі пәк емес!
Ең бірінші, бұл актер жігіттің өзі алдын дәл осылай біреуді ұрып, шартты түрде сотты болған екен. Яғни бұл бұзақылық ісін екінші рет қайталағаны үшін, ауыр жаза арқалап отыр. Олар бай мен кедеймін деген актерлік шеберлік сотта өтпейді.
Мына видеода актердің өзі бірінші қол жүгірткені көрініп тұр. Байдың баласын жатқызып алып бәрі жабылып тепкілеу, ол - жігіттік емес!
Ойбай, байдың баласының сөзін сөйлеп жатсың, ақшаға сатылып кеттің ба деп жазатындар шығады қазір. Кедейлер қылмыс жасамайды деген заңды алып келіңдерші! - деді ол.