Күзге дейін еліміздегі мұнай өнімдерін өңдейтін үш бірдей зауыт күрделі жөндеуен өтетіні белгілі. Сәйкесінше, кезегімен үшеуі де уақытша жабылады. Ал, оның жанармай бағасына қала әсер ететіні туралы мұнай саласын зерттеумен айналысып жүрген тәуелсіз сарапшы Сергей Смирнов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтып берді.
Оның пікірінше, жылдағы әдеті бойынша егін ору науқаны қарсаңында елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттайды.
"Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай, әр жыл сайын егін ору науқаны қарсаңында мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылып, сұйық отынның бағасы қымбаттайды. Бұл бізде әдетке айналған. Жөндеу жұмыстары жоспарлы болғандықтан жеткілікті мөлшерде жанармай қорын жинап алдық десе де, аяқасты тапшылық пайда болып, бағалар тағы шарықтайды", - дейді Смирнов тілшілерге берген сұхбатында.
Алайда, түсінбейтін бір жайт, мұнай өңдейтін зауыттар жөндеуден өтіп, үшеуі де іске қосылғаннан кейін жанармай бағасы арзандамайды.
"Бізде бағалар бір-ақ рет арзандаған. Оның өзі бірнеше жыл бұрын Ресей рублінің құлдырауына байланысты. Біздегі сұйық отынның үштен бір бөлігі Ресейден импортталғандықтан, тиісінше баға да сол кезде арзандаған болатын. Ал, қазір қайта қымбаттап, тіпті, Ресейдегі бағаларға жақындап қалды", - дейді экономист.
Яғни, оның пікірінше, елімізде биыл күзгі ору науқаны қарсаңында жылдағы "дәстүр" бойынша жанармай бағасы тағы қыбаттауы мүмкін.