Түркістан облысы, Отырар ауданында балабақша қызметкері бірнеше балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталды.Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы хабарлады.
Алдын-ала болжам бойынша, зардап шеккен балалардың 14-і қыз, біреуі ұл бала. Олардың жастары 5-тен 10 жасқа дейін.
"Бастапқыда үш қыздың зорланғаны туралы ақпарат келді. Қазір олардың саны 15-ке жеткені туралы ақпарат пайда болды. Зорлық-зомбылық құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынды. Мұны бас прокуратураға жібереміз. Кейбір ата-аналар шағым бергісі келмейді. Себебі олар істі жауып тастайды деп қорқады", – деді адвокат Омарова.
Адвокат Ләззат Ракишеваның айтуынша, күдіктімен көрші тұратын үйдің балаларын енді гинеколог тексереді. Сондықтан құрбан болғандар саны 15-тен де көп болуы мүмкін.
"Күдікті балабақшада от жағады. Жазда бұл адамға қарсы арыз берілді. Бірақ істің неге қозғалмағаны белгісіз", – деді Ракишева.
33 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктінің отбасы болған. Алайда ол көп ұзамай ажырасып кетіпті. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, ол кішкентай қыздарды қорқытып, ешкімге айтпауларын сұраған, тіпті кейбіреулеріне ақша берген.
Ауыл тұрғындары оның ауылдан көшіп кетуін талап еткен.