18.03.2017, 10:46

Алматылық шенеунік автотұрақ үшін жас ағаштарды кескізген

Алматыда автотұрақ үшін 7 ағашты кескен әкімдік қызметкері жұмысынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Желтоқсан және Жібек жолы көшелерінде автотұраққа орын дайындау үшін 7 ағаштың кесілуіне қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілген.

«Ағаштарды кесуге рұқсат қағазы еш негізсіз және қажетті шаралар (орынға барып, ағаштардың жағдайын анықтамау) жүзеге асырылмастан берілгені анықталды. Осыған байланысты, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Және Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.