$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбелік бір топ ата-ана балабақшада балаларын ұратынын айтып шағымданды

Облыстық полиция департаменті ата-аналардан шағым түскенін растады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбелік ата-аналар жеке балабақшалардың бірінде болған жайт туралы жанайқайын әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тілі толық шықпаған, не болғанын түсіндіре алмайтын сіңлімді көгала қойдай етіп ұрған. Бейнекамера жоқ асүйге 5-6 сағатқа қамап қойған. Сөйтсек, жалғыз ол емес екен денесі көгеріп келіп жүрген, ондай  біраз жағдай болған балабақшада.  Біз құлап қалып, денесін ұрып алған деп ойладық. Енді бәріне көз жұмып қарамаймыз! Бәрінің сұрауы бар, тексертеміз! Ата-аналар арыз жаздық!, - делінген  әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.

Облыстық полиция департаменті ата-аналардан шағым түскенін растады. Қанша адам арызданғанын нақтыламады. Полицейлердің айтуынша, мектепке дейінгі мекемеге баратын балалардың ата-аналарының өтініші бойынша №2 қалалық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тексеру басталған, деп жазды Inbusiness.kz.

Тексеру шеңберінде ата-аналардың барлық дәлелдері тексерілетін болатынын айтты. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша,  жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде қызмет көрсетінін де жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары