$ 498.51  522.84  4.81

Павлодар облысында ер адам 2 жыл бойы құлдықта болған

Зардап шеккен ер адам туған-туыстарына қайтарылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында ер адам 2 жыл бойы еңбек құлдығында болған. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Павлодар облысында 36 жастағы ер адамды бейтаныс біреулер қорқытып, ормандағы аңшылар үйіне апарып тастаған. Сол жерде екі жыл бойы заңсыз жұмысқа жеккен.

Ер адам 1987 жылы туған. Зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жақын маңдағы елді мекеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйге жеткізілген. Оны 2 жыл бойы еңбекке мәжбүрлеген. Жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді спикер ІІМ апталық брифингінде.

Зардап шеккен ер адам туған-туыстарына қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары