Атырауда екі ер азамат үшіншісін өлімші етіп сабап тастаған. Оқиға түнгі клубтың дәретханасында орын алып, бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі "За тебя, Бәке | ZTB" парақшасында жарияланды.
Бейнекадрлардан екі ер азаматтың үшіншісін кезек-кезек тепкілеп жатқанын аңғаруға болады. Олардың бірінің қолында тапанша бар. Ал, жәбірленуші қарсыластарына жауап бергісі келгенімен күші жетпей, ауыр соққыдан есін жоғалтып алған.
Төбелестің неден шыққаны белгісіз. Дегенмен, облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, күдікті екі азаматтың кім екені анықталып, қазір оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Екеуі де жергілікті тұрғындар. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған.
ЕСКЕРТУ, бейнероликте норматив лексика бар!