$ 494.87  520.65  4.91

Жастар исламдық құндылықтарға мән беріп, ұлттық тарихымызды бағаламайды - тарихшы (ВИДЕО)

Қазіргі кезде жастар өзінің тарихына, ұлттық дәстүріне деген көзқарасы салқындау.

Қазіргі таңда елімізде дін мәселесі өзекті болып, жиі талқыға түсетін тақырыптар қатарында. QASQA JOL YouTube каналының эфирінде жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкен қазақ даласындағы дін тарихы туралы ойын бөлісіп, дін мен тарихтың байланысын тарқатып баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тарихшы өз жазбасында «Ұйғыр сегіз ғасыр бойы мемлекет емес, дінін сақтаумен келеді. Халқы ең биік құндылық таныса, мемлекеттіліктен айырылады. Бізде де қыран қонған Көктудың түбіне жиналған қазақтан гөрі, «Құран» тұрған көк мешітке жиналған жастарымыздың неше есе көп болуы - бүгінгі біздің мемлекетіміз үшін аса қауіпті құбылыс» деген екен.

«Діни идеология мен ұлттық идеология, мемлекетшілдік қатар жүрген дұрыс. Тепе-тең болуы керек. Егер  мемлекетшілдігіміз мығым болса, ұлттық идеологиямыз күшті болса оған біздің имандылығымыз қосылса, онда біз алға қарай дамимыз», - дейді тарихшы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде жастар өзінің тарихына, ұлттық дәстүріне деген көзқарасы салқындау.

«Біздің тарихымыз екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған, ол тарихи деректермен дәлелденген. Осы төл ұлттық тарихымызды біздің жастар бағаламайды. Керісінше, исламдық құндылықтарға мән береді. Мен исламдық құндылықты жоққа шығармаймын. Ол керек. Ол арбаның қос дөңгелегі сияқты ғой. Тасқа жазылған жазбалар бар ғой. Ол Орхон ескерткіштері, Күлтегін жазуы, Білге қаған жазуы, Тоныкөктің жазуы, осылардың барлығында мемлекеттілік туралы сөз болады. Біздің сол Орхон даласынан осылай келгеніміз тарихи шындық қой»,- деді Тұрсынхан Зәкен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары