Жиналған қатысушылар зорланған әйелдердің өздерін кінәлауға тырысып, "дұрыс киінбей, дұрыс емес уақытта жүргендіктен" дегенге келтіреді.
Танымал әнші Jah Khalib-тің YouTube арнадағы Orta подкастында зорлық-зомбылық туралы айтқан пікірі желіде сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол прокаст өткен жылы тамызда жарық көрген, 448 мың қаралым жинап үлгерген.
Әлеуметтік желіде дін тақырыбында әңгіме қозғайтын танымал подкасттан үзінді тарады. Жиналған қатысушылар зорланған әйелдердің өздерін кінәлауға тырысып, "дұрыс киінбей, дұрыс емес уақытта жүргендіктен" дегенге келтіреді. Бұл пікір желі қолданушылырын ашуландырды.
Құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетов университетте оқып жүргенде, криминология пәнінің мұғалімі, белгілі бір подполковник Қазақстандағы зорлау статистикасын келтіргенін айтты.
"Әйелдерді зорлаудың 85 пайызы “дұрыс емес жерде”, “дұрыс емес киіммен, дұрыс емес уақытта жүргендіктен болады. Бұл – негізгі себептер", – деді ол.
Ал ТМД-ға танымал рэпер Jah Khalib "дұрыс емес киім" дегенге аса мән беруді сұрады. Ол ашық киінген қыздарға қарағанда хиджаб киген қыздар өзін қауіпсіз сезінетінін айтты. Сондай-ақ ол ашық кигендер ерлерді еліктіреді деген пікірді қолдады. Бүгінде белең алып тұрған зорлық-зомбылыққа қатысты мәселенің бір фактісі – қыздардың дұрыс киінбеуіне тікелей байланысты екенін айтты.
Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары пікірімен санаспайтынын айтып, сынның астына алды. Өнер иесінің ойын “әйел құқығын таптауымен бірдей” деп дабыл қақты.
“Бесіктен белі шықпаған сәбилер зорлыққа ұшырап жатыр, оны қалай ақтап аласыз?!”, “Мәселе киімде емес, Йемен мен Иранда не болып жатқанын білесің ғой. Өте қиын жағдай”, “Қыздар дұрыс киінбегендіктен, зорланып жатыр деген пікіріңізден кейін, сізді тыңдамайтын болдым", “Мына әншінің әндерін тыңдамай, елімізде өнер көрсетуіне тыйым салу керек”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.