$ 443.44  480.51  4.88

«11 санын жазды»: Салтанат Нүкенова ағасының түсіне кіріп, аян берген

Айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Айтбек Амангелдінің күйеуінің қолынан қайтыс болған қарындасы, Салтанат Нүкенова осы уақыт аралығында бір рет ғана түсіне кірген екен. Түсінде Салтанат аян берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір қарындасының есімін қараламай, оның өліміне себепкер болған адамдар заң түрінде қатаң жазалануына барын салуда. Еліміздің білікті адвокаттары көмекке келіп, күн сайын сот процесінде мүдделерін қорғап келеді. Одан бөлек, қаншама қазақстандық марқұмның ағасына жан-жақты қолдау білдіріп келеді.

Айтбек Амангелді Дана Орманбаеваның «Дай слово» бағдарламасына берген сұқбатында түсінде Салтанатты көргенін айтты. Айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған. 

Бұл түсті ағасы қараша айының ортасында көрген. Көргенін жақын адамымен бөліскен. Ол әйел мешітте жұмыс істейді. Айтуынша, ол әйелдің өлген адамдардың рухымен сөйлесе алатын қасиеті бар. Салтанат оған жерлеу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеуді сұраған екен. 

Кеше, яғни 11 сәуір күні Қазақстан парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады. Аталған заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтеді. 

Осы тұста Айтбек Амангелді түсінде көрген сол екі санды «11» деп өзінше жорамалдады. Ойынша, Салтанат оған аян берген.

11 саны:

11 қараша – Салтанат жер қойнына тапсырылды;

11 наурыз – Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтті;

11 сәуір #Салтанатзаңы қабылданды.

«Енді не болады? Тағы бір айтылмаған дүние бар. Оны сот отырысы аяқталған соң айтамын», - деп жазды Айтбек Амангелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 108
Ұнамайды 14
Күлкілі 5
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары